«Интернетсіз бір күн» атты іс-шара өткізілді. » Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп
Жетісу облысы білім басқармасының
Алакөл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72833)5-10-94
Есепші бөлімі:
+7(72833) 5-10-94
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Интернетсіз бір күн» атты іс-шара өткізілді.
20
октябрь
2023

«Интернетсіз бір күн» атты іс-шара өткізілді.

«М.Ауезов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Аудандық жоспардың негізінде ұйымдастырылған «Интернетсіз бір күн» атты іс-шара туралы мәлімдеме

Тақырыбы: «Интернетсіз бір күн»
Жүргізілген уақыты: 19-20.10.2023
Қатысқандар: 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-10 сынып, 11 сыныптар 
Мақсаты: Білімгерлер өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Білімгерлерге интернет туралы толық ой қалыптастыру,білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу. 
  Аудандық жоспардың негізінде мектебімізде «Интернетсіз бір күн» атты 5-6 сыныптар арасында сурет байқауы жүргізілді. Байқау барысында, үздік суреттердің арасынан жеңімпаздар анықталып, 1-2-3 орын иегерлері марапатталды. 7-8 сыныптар арасында ән-би байқауы ұйымдастырылып, 1-2-3 орын иегерлері марапатталды. Үздік эссе сайысы 9-10 сынып арасында өткізіліп, жүлделі орындарға ие болды. 11 «А», «В» сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқушыларға белсене қатысқандары үшін алғыс хаттар берілді. 
Қорытынды: Жүргізілген байқаулар мен дөңгелек үстелдің барысында оқушыларға тақырыпқа байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың көз-қарастарына талдау жасалып, нәтижесінде интернеттің пайдалы және зиян жақтарын талқылап, ендігі басты мақсаттары тек интернетті тиімді пайдалану болды. Менің тарапымнан, оқушыларға интернетті меңгеруіміз керек деп, таңертеннен қара кешке дейін заман техникасымен шұғылдана бергеніміздің адамзат өміріне тигізетін өзіндік пайдасы мен зияны баршылық екеніне көзіміз жетті. Әрқашан әр нәрсенің жақсысын үйреніп, жаманнан жиреніп, пайдасын көріп біліп, ал зиянынан сақтанайық демекпін.


Педагог психолог:                                    Г.А.Есенгельдинова




















Мекен жайымыз
+7(72833) 5-10-94
040209, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, М.Шоқай көшесі, 1 үй, 2022 проект "Интерактивная школа"

040209, Область Жетысу, Алакольский район, ул М.Шокай д.1
©2016-2021, Ресми сайт «Бескөл станциясындағы №14 орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Барлық құқық қорғалған "Интерактивті мектеп" жобасы. Техникалық қолдаушы "Internet service" +77075327722,tangatarov13@mail.ru