21
октябрь
2023
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Құқық айлығы барысында жоспарға сәйкес мектеп қауіпсіздігі, бүгінгі күнгі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында мектеп мәжіліс залында аудандық ЮПТ капитаны Жармухаметов Э.Б. және Алакөл АПБ ЖПК ЮПТ инспекторы полиция лейтенанты Э. Мадьярованың қатысуымен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында оқушылардың құқықтық білімдерін дамыту, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айта алатын, кемел ойлы, елжанды азамат ретінде тәрбиелеу мақсатында аудан инспекторлары ұлдарға шылым, есірткі, нашақорлық салдары жайлы, кешкі рейд барысы, тәртіпбұзушылық, құқықбұзушылық, бұзақылық, әлімжеттік, зиянды әдеттер туралы сөз өрбітсе, қыздар арасында қоғамдық жерлерде балағат сөз айту салдары неге әкеп соқтыратыны жайлы толыққанды ағарту-түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Ш. Джанакова оқушыларға зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу, құқықбұзушылық жағдайы (дөрекілік, зорлық-зомбылық, әлеуметтік қатынастардың нашарлауы және т.б.) қауіптілік сезімі мен зорлық-зомбылықтың дамуын және қылмысты тудыратынын, ол өз өзіне қол жұмсауға алып келетінін немесе бала тағдырын бұзатынын түсіндіріп, кез келген адам баласына көмек қажет екенін, бала – өздігінен қорғана алмайтындығы болмаса, ол да қоғамның толық құқылы мүшесі екені жайлы мағлұматтар берді.